Жәшік иесіне қайтарылды

жашик иесине кайтарылды17 ақпан күні Қостанайда 9 шағын ауданда №15 дүкенде ер адам  Қызыл Жарты Ай қоғамына тиесілі қайырымдылық ақшасы салынған жәшікті алып кетті. Оқиға куәлары бірден полицияға хабар берді. Жеті минуттан соң жол-патруль полициясының жаяу патрулі ұрыны ұстады. 38 жастағы қостанайлық  арақ алуға ақша  керек болғандығын айтып ақталды. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК  188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақшасы бар жәшік Қостанай облыстық Қызыл Жарты Ай қоғамының бухгалтері  Анна Кунцевичке қайтарылды (суретте).
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓