Өрттен зардап шеккендерге көмек
Қостанай қаласының Набережный көшесіндегі өрт салдарынан зардап шеккен 13 отбасыға көмек көрсету туралы ақпаратты Қостанай әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды.Алғашқы қажетті көмек ретінде әрбір отбасына 200 мың теңгеден төленді. Атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсету Ережесіне сәйкес, жұмыспен қамту бөлімі әрбір зардап шеккен отбасына 70 АЕК (214410 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге кірісті.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге азық-түлік жиынтығы түрінде материалдық көмек көрсетіледі. Облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған еріктілер жеткізіп бермек.
7 оқушы үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылады, кеңсе тауарлары, киім сатып алынады, сондай-ақ 2 кәмелетке толмаған студент қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.Айта кетейік, 9 мамыр күні Тобыл өзені жағасындағы қамыстар өртеніп, салдарынан тілсіз жау 12 үйді тып-типыл еткен еді. Бұл қала көлеміндегі Төтенше жағдай деп танылды.