Дауасыз дертпен күрес

Қатерлі ісікпен күрес күніне орай ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэромобильдік құтқару жасағының оқу сыныбында жасақ қызметкерле-ріне арнап онкологиялық аурулардан сақтану жолдары түсіндірілді. Дәрісті медициналық жедел жәрдем көрсету маманы Д.Афанасьева ұйымдастырды. Тыңдаушыларға қатерлі ісік туралы айтылып, бейне және фото суреттер көрсетілді. Басқосуға шақырылған облыстық онкологиялық диспансердің онко-хирургі А.Жүнісов және санитарлық-ағарту жұмысының медицина қызметкері Р.Салықбаева "Онкологиялық аурулардың алдын алу жолдары" тақырыбында әңгімелеп берді.
"Заманауи медицина бір орнында тұрмайды. Қазір қатерлі ісікпен күрес әдістері жетілдіріліп жатыр. Мүмін уақыт өте келе аты жаман аурудың барлық түрлеріне қарсы вакцина да табылар" дейді дәрігер-мамандар басқосуда. Алайда, дәрігерлер онкологиялық аурудан сақтанудың жалғыз жолы – дерт белгісі біліне бастағанда-ақ, дер кезінде емделіп, жүйелі түрде салауатты өмір салтын ұстануды, жасына қарай скрингтік тексеруден жүйелі түрде өтіп тұруға кеңес берді. 
Шұға                    
            ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓