Жасөспірімге ішімдік сатқан

Информация о запрете на продажу алкоголя и табака должна быть в каждом магазинеОблыс полицейлері "Балалар түнгі қалада" операциясының барысында жасөспірімдердің қатысуымен болған 256 құқық бұзушылықты анықтады. Жедел-алдын алу шарасы өткен үш күнде тәртіп сақшылары жасы кәмелетке толмағандарға ішімдік пен темекі сатудың 20 фактісін тіркеді.
Рейдтердің негізгі мақсаты жасөспірімдер қылмыстылығының алдын алу және жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау. Күндіз полицейлер жасөспірімдермен, сондай-ақ сауда нүктелері және көңіл көтеру орындарының иелерімен әңгіме өткізіп, түнде рейдтер ұйымдастырды. ОІІД ювеналдық полиция бөлімінің бастығы полиция капитаны Г.Лежнинаның айтуынша, рейдтердің барысында алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 38 жағдайы белгілі болған.  Мысалы, 14 ақпан күні Қостанай қаласының орталығындағы бір дүкеннің сатушысы 17 жастағы жасөспірімге сыра сатқан. Тағы бір сатушы алкогольді ішімдік сатқан. Ал ҚР Әкімшілік Кодексінің 200 бабына сәйкес 21 жасқа дейінгілерге алкогольді ішімдіктер сатқан кәсіпкерлерге 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Көңіл көтеру орындарында түнгі уақытта 12 жасөспірімнің болғаны анықталды. Олардың құқық бұзушылықтары үшін ата-аналары мен көңіл көтеру орындарының иелері жауап беретін болады.
ОІІД баспасөз қызметінің материалдары бойынша  дайындаған М.Қабдрахметова.  
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓