Айыппұлдың жаңа түрі енгізіледі

Енді жолда жүрген кезде орташа жылдамдықты асырғаныңыз үшін заң алдында жауап беруіңіз мүмкін. "Орташа жылдамдық" түсінігін әкімшілік кодекске енгізу жұмыстары басталып та кетті.Бұл құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл көлемі есептеліп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
Жобаны Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген. Оның аясында "орташа жылдамдық" терминін Жолда жүру ережелеріне енгізу көзделуде.
"Көліктің орташа жылдамдығы — бақылауға алынған учаскенің ұзындығын есепке ала отырып, автомобильдердің сол аралықты жүріп өтуге жұмсаған уақытымен есептелмекші", – делінген жобада.
Жай сөзбен айтқанда, келешекте бір елді мекеннен екіншісіне тым жылдам келіп қалсаңыз, сізге айыппұл белгіленуі мүмкін. Заңсыздықты анықтауға бейнекамералар көмектеседі. Яғни бір камера түрған жерден екіншісіне дейін жетуге кететін уақыт есептеледі. Белгіленген уақыттан бұрын камераға түсіп қалсаңыз, айыппұл арқалайсыз.
Әзірге бұл жол ережесін бұзғаны үшін қандай көлемде айыппұл қарастырылып жатқаны белгісіз.
Бұл өзгерісті биыл қабылдап, 2023 жылдан бастап іске қосу көзделіп отыр. Жоспар бойынша алдымен күре жолдардағы орташа жылдамдық есептелмекші. Кейін елді мекендердің аумағындағы көрсеткіштер қаралатын болады.
Айтпақшы, алдағы уақытта бейнебақылау камералары арқылы салынатын айыппұлдардың қатары көбейе түспек. Мәселен, енді камералар кептеліс кезінде жол ортасына шығып кету, автокөліктің жарығын жақпау әрекеттерін де түсіріп ала беретін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓