Ришат өлімінің мән-жайы басқа

Қостанайда өлі табылған 10 жастағы Ришат Харикоғлыға қатысты жаңа деректер пайда болды.ришат Мамандар мәліметінше, полицейлер бұл қайғылы оқиғаға қатысты криминалдық деректерді анықтады. Тергеу барысында бала суға батып кеткен сәтте жалғыз болмағаны белгілі болды.
Еске салайық, Ришат Харикоғлы 24 маусымда "Садовод-Строитель-КСК" саяжайында жоғалған. Мұнда ол туыстарына қонаққа келген. Баланы үш күн іздестірген, кейіннен полицейлер баланы Тобыл өзенінен өлі күйінде тапқан болатын. Ришаттың өзенге үш досымен бірге барғаны анықталды. Бала батып бара жатқан сәтте досы оған көмектеспек болған, бірақ өкінішке қарай, ол Ришатты құтқара алмаған. Содан балалар қорыққандарынан оның киімдерін көміп тастап, бұл жағдай жайлы ешкімге ештеңе айтпаған. Үш күн бойы үн-түнсіз жүрген.
Прокуратура өкілдері балаларды ювеналдық полицияға есеп қойғандарын және оларға қатысты басқа жазаның қолданбайтынын айтып өтті.
"Олардың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ, себебі олар бұл қылмыстың субъектісі емес. Кәмелетке толмаған балалардың түсініктемелеріне қарағанда мұнда қасақана адам өлтіру немесе оны суға батырып жіберу дерегі жоқ", – деді Қостанай қалалық прокурордың орынбасары.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓