Ұрыны ұзатпай ұстады
Рудныйлық кәсіпкер полицейлерге алғыс білдірді. Қылмыс Рудный қаласында болған. Рудный қаласының тұрғыны кәсіпорындардың бірінде мыс кабелін ұрлап кеткен. Шығын сомасы 107 мың теңгені құрайды.
Полиция қызметкерлерінің жедел іс-шаралар жүргізу барысында жергілікті жердің 37 жастағы тұрғыны ұсталды.
Белгілі болғандай күдікті жеке меншік аумаққа кіріп, 15 метр мыс сымдарын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Бұдан соң гаражда жасырынған. Кейіннен ол металл қабылдау пунктіне мысты тапсырмақ болған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді. Кәсіпкер ұрлықты жедел ашқаны үшін тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.