Елін сүйген Елбасымызға сенейік!

DSC05994Жақында Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қа-зақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Ол туралы теледидардан көріп, басылымдардан оқыдық та. Сонда кеңес мүшелері бір ауыздан Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы азаматтардың Ассамблеяға жасаған ұсынысын қолдайтынын жеткізген еді. Елбасымыз да Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі ұсынысты қабылдады.
Жалпы, бұл саяси жаңалыққа елең етпеген адам жоқ та шығар. Бірақ, жұртшылықтың дені бұған түсіністікпен қарап, қолдау білді-руге тырысуда. Өйткені, аса бір қиын кезеңде ел тізгінін ұстап, дағ-дарған халықты бүгінгі жарқын болашаққа жеткізе білген көреген басшы, салиқалы саясаткер Нұр-сұлтан Әбішұлы Назарбаевтың женкешті еңбегін ұмытуға әсте болмас. Сол себепті де, сонау нарық жылдары енді ғана егемендік алған елімізді аяғынан тік тұрғызып, бүгінгі белеске жеткізіп, тіпті кейінгі әлемдік дағдарыста да елдің еңсесін түсірмей, жаппай  жұмыссыздықтың  орын   алуына жол бермеген Елбасымыздың қазіргі әлемдік дағдарыс-тан да өз халқын сүріндірмей алып шығатынына бек сенімдіміз. Көрші елдердегі жағдайды көріп, өзіміздегі тыныштық пен береке-бірлікке шүкіршілік етуіміз керек. Өз басым Ассамблеяның ұсынысын қолдаймын. Себебі, ұлтаралық татулықты берік етуге үлес қосып келе жатқан саяси құрылымның қалт айтпайтынына да сенімдімін. Әрі барша жұртты да мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты қолдауға шақырамын.
Әкімбек қажы ҚАБДЕН.
Әулиекөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓