Ұсынысты толық қолдаймын
ҚР Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысты мен өз басым толық қолдаймын. Неге десеңіз, қазіргі-дей әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде біздің елімізде мерзімінен бұрын сайлау өткізу "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға, "Қазақстан – 2050" Стратегиясында көрсетілген елімізді дамытуға бағытталған бағдарламаларды дамытуға мүмкіндік береді. Әлемде тұрақсыздық орын алған жаңа әрі күр-делі кезеңде еліміз стратегиялық бағытынан айнымай, Қазақстанды жаңғырту және дүниежүзінің озық отыз елінің қатарына енуі үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім білдіру қажет.
Президентке сенім білдіру арқылы әлемдік дамудың жаңа кезеңінде халқымызды біріктіріп, мемлекетті дамытудағы маңызды мәселелерге ден қоюға мүмкіндік аламыз.Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды мәселе бойынша ұстанымын білдіруі және барша қазақстандықтарды Елбасының төңірегінде топтасуға шақыруы өте құптарлық іс. Қалай болғанда да, Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономика өсімін нығайту, жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл бастамаға шын мәнінде басқа балама жоқ. Сонымен бірге ендігі 2016 жылы Президенттік және Парламенттік сайлаулар бір мезгілге сәйкес келеді. Конституция нормаларын бұлжытпай орындау мақсатында екі сайлауды әртүрлі кезеңдерде өткізген дұрыс.
Қалқаман ЖАҚЫП,
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ профессоры.