Ұтыс жеңімпаздары анықталды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде 2015 жылғы 23-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының қорытынды ұтысы өтті.  Басты сыйлық – Chevrolet маркалы автомобилі және 3 ынталандыру сыйлығы – 100, 200, 300 мың теңгеге сертификат 124  қатысушы арасында ойнатылды.Безымянный
Ұтыстың қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлықтарының иегерлері анықталды. 100 мың теңге сомасындағы сертификат Науырзым ауданының тұрғыны, 8-ші сынып оқушысы Арайлым Иманқұловаға бұйырды. Қалған жеңімпаздар өзге облыстардың тұрғындары.
-Акция туралы жарнамадан білдім, 2000-нан астам түбіртек жинап акцияға қатыстым. Мен жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын. Бірақ оған қарамастан Қостанай қаласына мемлекеттік кіріс департаментіне келдім. Ынталандыру сыйлығын ұтып алғаныма өте қуаныштымын, бұл жаңа жылға жақсы сыйлық!,- деп қуанышын жасырмады Арайлым.карта
Басты сыйлық «Chevrolet» маркалы автомобилінің иегері Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Мусин Әлібек Қуатұлы.
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰҚП қолдауымен ағымдағы жылғы 1-сәуірден 30-қараша аралығында республика бойынша өткізілген болатын.
Сондай-ақ, бұл акцияны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті халықты кассалық түбіртектерді беруді қоғамдық бақылауға тарту, сондай-ақ салық төлеушілер арасында «салықты төлеу» ұғымын түсіндіру және міндеттерге дұрыс қатынасты насихаттау, халықтың арасында салық сауаттылық деңгейін жоғарлату және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікке ынталандыру мақсатында өткізгенін еске саламыз.
Бұл акция 2015 жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өткізілді.
Өткізіліп отырған акцияның қорытындысы бойынша қатысушылар 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жыл ішінде өскен. Жеке кіріс салығы бойынша кіріс көздерінің салық салынбайтын кірісі 115,3 % (249 834,0 мың теңге) ұлғайды. Тіркелген бақылау-кассалық машиналар бойынша 193,4 пайызға артты.
Сондай-ақ, акция өткізу кезеңінде өткізілген рейдтік іс шаралардың барысында бақылау-кассалық машиналарын мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуге қою бойынша салық заңнамасын бұзған 34 жеке тұлға анықталды. Сондай-ақ бақылау кассалық машиналарын қолдану тәртібін бұзудың 293 оқиғасы анықталды.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓