Ардагерлер турнир өткізді

Турнирдің салтанатты ашылуында қалалық спорт бөлімінің басшысы Ж. Жапарұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Айтмағанбетова, Ауған соғысының ардагері М.Бәлдіковтер құттықтау сөз сөйледі.
– Жыл сайын 15 ақпан күні қарсаңында осындай шараларды ұйымдастырып тұрамыз. Мұндай жолдастық кездесулердің берері мол. Командалар бір-бірін жақсы біледі. Бүгінде бастарын ақ қырау шалған ардагер спортшылар кешегі күннің жігерлі жастары болатын. Көптен көрмеген бауырларымызбен төс түйістіріп, мәре-сәре болып жатырмыз, – дейді Ауған соғысының ардагері Ғалымжан Ерназаров.
Тартысты ойынның нәтижесіне тоқталар болсақ, І орынды Ақмола облысының «Астрахан» командасы, ІІ орынды Жарқайың ауданының ардагерлері, ІІІ орынды Арқалық командасы иеленді.
Жүлделі орын иелері грамоталармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
СУРЕТТЕ: Турнир көрінісі.
Суретті түсірген автор.
Арқалық қаласы.