Жастарға арналған жоба

"Нұр Отан" партиясы ҚОФ жанындағы "Жас Отан" ЖҚ "Еркін пікір" пікірталас алаңын ұйымдастырды. Басқосуға "Жастар кадрлық резерві" республикалық жобасының 2009-2014 жылдардағы қатысушылары жиналды. Іс-шарада жастардың бос уақытын тиімді өткізуі және жұмыспен қамту туралы айтылды.
Қостанай облысында 2009-2014 жылдары аралығында "Жастар кадрлық резерві" пар-тиялық жобасына 27 жас көшбасшы қатысқан. Іріктеуден өткен қатысушылар "Нұр Отан" партиясы жанындағы саяси менеджмент мектебінде және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының базасында білім алып,  тренингтен өтті. Аталған жастар ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері және ҚР Мәжілісінің депутаттарымен кездесіп, жеке жобаларын қорғады. Сонымен қатар ҚР Парламенті мен Мәжілісінде, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-да тәжірибеден өтті.
– Былтырғы жылы rezerve.kz сайтына өтінім жаздым. Көп өтпей-ақ мені Астана қаласына әңгімелесуге шақырды. Елорда төрінде өзімнің жобамды қорғап, жастар саясаты мен қоғамға қосып жатқан үлесім туралы  баяндадым. Осылайша бірінші кезең тренингтен өтуге жолдама алдым. Екінші кезеңде Мәскеуден келген тренерден көп нәрсені үйрендім. Аталмыш жоба ірі ұлттық компанияларда бір ай тәжірибеден өтуге мүмкінік берді,– деді жобаға қатысушы Әсел Мұстафина.
"Жастар кадрлық резерві" жобасы 2009 жылдан басталды. Сол уақыттан бері республика бойынша жобаға 340 адам қатысқан. Аталған жоба мемлекеттік қызмет пен  қоғамдық шаралар-ға белсене араласып, кәсіпкерлікпен айналысуды қалайтын жастарға зор мүмкіндік бермек. 
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓