Мергендер сайысы мәреге жетті

Рудный қаласында Қостанай облысының кубогы үшін нысана көздеуден жарыс болып өтті. Бұл турнир Ұлы Жеңістің мерекесіне арналды. Құралайды көзге атқан мергендер сайысына алаң иелерімен қатар Қостанай, Қарабалық, Федоров, Қамысты аудандары және Қашар кентінен  келген отыздан астам спортшылар қатысты. ССКӨБ демеушілік еткен  нысана көздеу жарысы жыл сайын ұйымдастырылады. Үш күнге созылған бәсекеде суырылып, алға шыққан спортшылар  облыс құрамасы сапында Алматыда өтетін ҚР Кубогының бірінші кезеңіне қатысады. Ал жүлделі орын алған командалар жарыс дипломдарымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Әлібек
      ЫБЫРАЙ
 
"Қостанай қыраны" шақырады
Ертең Қостанайда ҚР Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қостанай қыраны" жарысы өтеді."Нұр Отан" партиясы мен ҚР Спорт және денешынықтыру жөніндегі агенттіктің ұйытқы болуымен ұйымдастырылып жүрген боз кілем үстіндегі бәсекелер осымен ел ішінде төртінші рет өткізілмек.Бұл жоба соңғы кезде өңірлерде ұлттық ойындарды насихаттауға   және жастардың арасында бұқаралық спортты дамытуға айрықша үлес қосып жүр.Жарыс үш күн бойы  Қостанайдағы спорт сарайында өтеді.
 
Жерлестеріміз жеңіспен оралды
Қарағанды қаласында қоян-қолтық ұрыстан қыздар мен ер балалар арасында Қазақстан чемпионаты жеңім-паздарды анықтады.Шаршы кілем үстіндегі шайқасқа еліміздің он бір облысынан 200-ге тарта спортшы қатыс-қан болатын.Облыс намысын қорғаған ҚР ІІМ-іне қарасты Қостанай академиясының тыңдаушылары жарыстан жүлделі оралды.63 келіде сынға түскен Аманбек Жаманқараев ел чемпионы атанып, спорт шеберлігінің нормасын орындады.78 келіде Ғаббас Қасиет, 86 келіде кілемге көтерілген Дәурен Құсайынов, 66 келіде  күш сынасқан Руслан Мұхтаров және Равиль Агишевтер қола жүлдені қоржынға салды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓