Маңызды мәселелер талқыланды

Айта кету керек, облыс­тық кәсіподақтар кеңесі қайта құрылған болатын. Бүгінде бұл мекеме кәсіподақтардың үйлестіру кеңесі деп аталады. Оған облыстағы аймақтық құрылымдық салалық кәсіподақтар өкілдері біріккен.
Таяуда аталған кеңестің жұмысшы жиыны өткізілді. Шараға облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Б.Макеев, З.Жұмабековалар қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе өз­ара ынтымақтастық туралы облыс әкімдігі арасындағы қол қойылған меморандум туралы болды. Меморандумға жұмыс берушілер және өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын сақтау және қалалар мен аудандарда еңбекке орналастыруды қамтамасыз етуші кәсіподақ ұйым­дары да қол қойған-тын.
Сонымен қатар, басқосуда ұжымдық келісім-шарт мәселелері, облыстық әкімдіктің және облыстық қызметкерлер бірлестігінің, облыстық жұмыс берушелер бірлестіктерінің жобалары, биылғы жылғы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу туралы жобалар талқылауға ұсынылды.
Жиынды облыстық кәсіп­одақтар үйлестіру кеңесінің төрайымы Балбөпе Ертаева кіріспе сөз сөйлеп ашты. Балбөпе Ғалымжанқызы қолданыстағы меморандумның маңызы мен мәні туралы кең түрде баяндады.
Облыстық еңбек инспекция­сы басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Макеев ұжымдық келісім-шарттың өміршеңдігіне тоқталды.
Білім және ғылым жөніндегі облыстық кәсіподақтар ұйымының төрайымы Зияда Ділдәбекова, пошта байланыстары кәсіп­одақтар ұйымының төрағасы Аманкелді Жүсіповтар пікірлерін ортаға салды.
Ермекбай
         ХАСЕНОВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓