Лисаковта құқықтық фестиваль өтті

Лисаков қаласында полицияның жас көмекшілерінің фестивалі болып өтті. Слетті ұйымдастырушылар Лисаков қалалық ішкі істер бөлімінің  қызметкерлері.
Биыл фестиваль аясы кеңейе түсті. Бір ай бойына полицияның жас көмекшілерінің сегіз отряды Лисаковтағы мектептерде болып, салауатты өмір салтының пайдасы туралы әңгімелер өткізіп, үнпарақтар таратты. Құқықтық фестиваль мерекелік концертпен аяқталды.
Лисаков ҚІІБ бастығы полиция подполковнигі Нұрлан Байқасов полицияның жас көмекшілерінің тәртіп сақшыларына белсене көмек беріп жүргенін айтып өтті. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар жас көмекшілермен бірлесіп, 21 рейд өткізді. Рейдтер барысында оқу орындарының ережесін бұзудың 8 фактісі анықталды. Сондай-ақ, полицияның жас көмекшілері мектептерде құқықтық фестивальдер ұйымдастырады.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓