«Менің Қазақстаным» фестивалі

Қостанай облыстық халықтар Ассамблеясы мен  Достық үйінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты облыстық фестиваль болып өтті.  Аудандардан келген жиырмаға тарта талапкер ән орындап, хор және түрлі аспаптарда ойнады.
Бұл фестивальда тек өзін-өзі басқару ұжымдарының және облыстың этномәдениет ұйым бірлестігінің өкілдері өнер көрсетті. Олар қазақша әндерді жоғары деңгейде игергендерін дәлелдеді. Дарын иелері ән шырқап қана қойған жоқ, ұлттық аспаптарымызды шебер меңгергендерін көрсетті.  
Сайыстың қорытындысы бойынша Алтынсарин ауданының өкілі Виктор Фищук «Дударай» әнімен 1-орынды жеңіп алды. 2 орынға ұлттық аспап номинациясында Құрманғазының күйі «Балбырауынды» орындаған  қамыстылық Игорь Несиров,  ал ән байқауынан «Алтын бесік» әнін кәсіби деңгейде шырқаған Анастасья Смакбаева лайық деп танылды. Ал жүлделі 3 орын ұлттық аспаптан  «Көңіл толқыны» күйін орындаған Мендіқара ауданының өнерпазы Ольга Гардиева, вокалдан «Қазақ елі осындай» әнімен Кашар ауданының қатысушысы Татьяна Касалапова бұйырды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓