Лаңкестікке қарсы шара

Қостанай қаласындағы мектептерде діни экстремизм мен терроризмге қарсы шаралар жөнінде сабақтар өтті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сабақтарды діни экстремизм мен терроризмге қарсы шаралар жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма және өрт бөлімшелері қызметкерлері ұйымдастырды. Олар оқушылар-ға "Оқу корпусында террорлық әрекет болу қаупі туған жағдайда оқушылар не істеу керектігі" туралы әңгімелеп берді. Сабақтың мақсаты – кепілдікке алған адамдар  өзін қалай ұстауы тиіс, жарылғыш  затқа ұқсайтын зат табылғанда оның айналаға залалы тимеу үшін не істеу керектігін үйрету. Мамандар күтпеген жағдайда оқушыларға психологиялық жағынан ұстамды болу, саспау керектігін түсіндірді. Халық-аралық лаңкестік, террорлық әрекеттердің түрлері, жарылғыш заттар қойылғаны жөніндегі жалған ақпараттар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік пен айыппұл туралы түсінік берді. Оқушылар террорлық әрекеттер мен оның бейбіт тұрғындарға келтірген зардаптары жөнінде бейнеролик қарады. Сонымен қатар оқушылар мектепте және үйде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде де дәріс тыңдады. Мұндай сабақтар облыс орталығындағы 25 мектепте өтті.
Шұға                         
             ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓