Ыстан үш адам уланды
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Рудный қаласында және Қамысты ауданында болған.
11 ақпанда кеншілер қаласында өрт жылу камерасынан шыққан. Тілсіз жау аумағы 5 шаршы метрді қамтыды."Оқиға орнынан ер адамның денесі табылды. Тұлғасы анықталуда. Сондай-ақ, ыстан уланған 57 жастағы тағы бір ер адам (қаңғыбас) ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, төтенше жағдайға отты абайсыз тұтыну себеп болуы мүмкін", – делінеді хабарламада.
Баспасөз қызметіндегілер тағы бір қайғылы оқиғаның Қамысты ауданының Талдыкөл ауылында болғанын хабарлайды.
"Жеке тұрғын үйде қатты отын жағу кезінде өз абайсыздығынан 66 жастағы ер адам ыстан уланып, оқиға орнында қаза тапты", – дейді облыстық ведомство қызметкерлері.
ТЖД мамандары облыс тұрғындарына пешті пайдаланар кезде барынша сақ болуды ескертеді.