Кандидаттарды іріктеу басталды
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына кандидаттарды іріктеудің сапасын арттыру үшін КТИ аға оқытушысы өртке қарсы қызмет капитаны П.Максимов 9-10 ақпан күндері өңірімізде болды. Насихат тобының бірлескен жұмыстарына Қостанай облысы ТЖ органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы В.Киселев, департаменттің кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы А.Сармурзина, институттың күндізгі оқу бөлімінің 4-ші курс курсанты Н.Бекетов қатысты. Олар Қостанай қаласы және Қостанай ауданының 5 мектебінде насихат жұмыстарын жүргізді.
Бұның сыртында департаменттің оқу сыныбында институтқа қабылданатын үміткерлер, олардың ата-аналарымен кездесу өтті. Капитан П.Максимов күндізгі оқуға түсудің шарттарын түсіндіріп, ата-аналар қойған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар оларға оқу орнының даму тарихы мен оқу-зертханалық базасы туралы бейнефильм көрсетілді. Кездесудің соңында кандидаттар математика және физика пәнінен тестілеуден өтті.
Облыстық ТЖД кадрлар бөлімі.