Алғысқа ие болды
Астана қаласында Қазақстан полициясы күніне және Қазақстан Республикасының мерейлі атаулы күндері Қазақ Хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналып «Әскери керней» атты әскери оркестрлерінің Халықаралық фестивалі өтті. Міне осы шараға Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қыздар дабылшылар ансамблі де жолдама алып, өз өнерлерін халықтың сынына салды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р. Жақсылықовтың айтуынша, Академияның дабылшылар ансамблі фестивальға ерекше дем беріп, үлкен мәртебеге ие болды. Сонымен бірге дабылшылар ансамблінің әрбір орындаушысы фестивальға белсенді қатысқаны үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Грамотасымен марапатталды.
Гүлназым САҒИТОВА