Бәсеке алаңын шектеген
Рудный қаласы әкімдігінің ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты тергеу жүргізілуде. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында белгіленген кейбір нормаларды бұзған.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде бөлім әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңды бұзған. Бөлім мемлекеттік сатып алу ықтимал қатысушыларының қатысуын шектейтін (шектеу мүмкін) талаптары актісін қабылдаған.
Бүгінгі күні, Департаменттің лауазымды тұлғаларының тауар нарығындағы бәсекелестікті шектеу фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ,
Рудный қаласы.