Игермесең – қайтарасың
Жер қатынастары туралы заңды белінен басқандарды анықтау жұмысы Қостанай облысында 2012 жылы бастау алған болатын. Заңға кереғар келген заңбұзушылықтар анықталып, жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Науырзым ауданында мұндай жұмыстар кезеңімен атқарылуда. 2014 жылы пайдаланбаған жер учаскелерін ауылшаруашылық айналымына тарту және мемлекеттің меншігіне қайтару бойынша ат-қарылған жұмыс барысында мемлекеттік меншікке 64,7 мың гектар ауылшаруашылық маңызы бар жер қайтарылды. Оның ішінде егістік – 3,4 мың гектар, жайылым – 61,0 мың гектар. Сондай-ақ, бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табатынын алға тартты Науырзым ауданының әкімі Т.Даиыров халыққа есеп беру жиналысында. Яғни, жеке шаруашылық қожалықтарындағы игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА
Науырзым ауданы.