Далада ақша жатқан жоқ
Өткен жылғы облыс бюджеттің кіріс бөлігі 108,1%-ке орындалған. Оның ішінде республикалық бюджет -114,7%-ке, ал жергілікті бюджет-103,2% -ке жетіпті. Осыған қарамастан мемлекеттік бюджеттің кірісі 2014 жылмен салыстырғанда 16 406,5 млн.теңгеге төмендеген. Бұған ірі кәсіпорындардағы өндіріс көлемінің азайып кетуі себеп. Яғни, бұрнағы жылдардай емес, республикалық қазына 18 065 млн.теңгеге кеміген. Керісінше, жергілікті бюджет 1 658,5 млн.теңгеге немесе 3,1%-ке артқаны байқалады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде қаржы басқармасының басшысы Сәуле Аймұхамбетова мәлімдеді. Оның айтуынша, қаржылық түсім бойынша біздің облыс республика бойынша 7 орында тұр. 2015 жылы өңір бюджетіне 214,1 млн. теңге түспей қалған, бұл 25,8%-ке тең. Ал үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бұл көрсеткіштің 614,5 млн. теңгеге жеткенін көрсетеді. Әсіресе, Қостанай қаласы мен Сарыкөл, Жітіқара, Қостанай, Әулиекөл, Қарабалық аудандарындағы жағдай аса мәз емес. Облыс бюджетінің шығыс бөлігі 99,5% -ке орындалыпты немесе есепті кезеңде барлығы 163 млрд. 461,3 млн.теңге жұмсалған.
Басқарма басшысы, бөлінген қаржы уақытылы игерілмейтіндігін айтты. Мәселен, өткен жылдан барлығы 888,7 млн.теңге қалып қойған. Белгіленген жұмыстарды мерзімінде орындамаған мердігерлер қазынаның 537,8 млн.теңгесін енді қайтадан қайтаруға мәжбүр. Облыс әкімдігінің қаулысымен былтырғы игерусіз қалған облыстық тарнсфердің 134,7 млн.теңгесі Қостанай қаласы және Федоров ауданына, сондай-ақ, құрылыс басқармасына берілетін болды.
Облыстағы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бірқатар аудан, қалалар да қыруар қаржы кәдеге аспапты. Олардың қатарында Қостанай, Рудный қалалары мен Федоров, Науырзым, Қостанай, Жітіқара аудандары бар.
Оны айтасыз, биылғы жылдың алғашқы айының өзінде игерілмеген бюджет қаржысының көрсеткіші 95,9%-ке жетіпті. Республика бойынша үшінші нәтиже. Қаңтар айындағы игерірілмеген қаржы 510,5 млн.теңге. Мұның көбі жалақы мен коммуналдық төлемдер қарызы.
Негізгі себеп: веб-порталдағы мемлекеттік сатып алуларға қатысты туындаған мәселелер коммуналдық төлемдер бойынша жасалатын келісім-шарттарға уақытылы қол қойылмауы дейді басқарма басшысы.
Облыстық денсаулық сақтау, білім басқармасы мен облыстық ішкі істер департаментінде де миллиондаған теңге ақша қозғаусыз жатып қалыпты.
Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов мәселені көп ұзатпай шешуге кеңес берді. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, тиісті шара қолданатынын да жасырмады.
Мәжілістің күн тәртібінде қаралған екінші бір мәселе, ол жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық құрылымдарына қатысты өрбіді.
Өткен жылы облыстағы 245 ауылдық округ әкімдері бақылау есеп-шоттарын ашқан болатын. Оған қазынадан 61,9 млн.теңге бөлініпті. Бірақ, түрлі себептерге байланысты әлгі қаржының тек 39,3 млн.теңгесі жұмсалған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде қаржы басқармасының басшысы Сәуле Аймұхамбетова айтып берді.
-Қаржылық мүмкіндіктерді барлық әкім бірдей кәдеге жаратып отырған жоқ. 2015 жылы бір тиын да игермеген жүздеген есеп-шоттар үстіміздегі жылы жабылды,-деді С.Аймұхамбетова.
Ақша далада қалмайды, деді басқарма басшысы. Заң бойынша олар ағымдағы жылы пайдаланылуы мүмкін. Оның үстіне, барлық ауыл әкімдерінің есеп-шоттары қайта ашылған. Тек, мемлекеттік сатып алуларды мүлтіксіз атқарып, ақшаны орынды жұмсай білу керек.
Биыл ауылдық округтер деңгейіндегі өзін-өзі басқаруға бөлінген қаржы еселенетін түрі бар. Өткен жылы аудандық бюджеттерден 22,6 млн.теңге, заңды және жеке тұлғалардан түскен ақша 18,9 млн.теңге, ал жергілікті басқару меншігіндегі мүлікті жалға беруден түскен қаржы 12,7 млн.теңгеге жеткен. Бұған сыртқы жарнаманың 7,7 млн.теңгесін қосыңыз. 2016 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық тетіктері тағы ұлғаятын болды. Яғни, елдімекендердегі заңды тұлғаларға, өз аттарына тіркелген жер телімдері үшін транспорт пен жер салығын төлеу міндеттеледі.
Сәуле Аймұхамбетованың айтуынша, бюдеттік трансферден 280 млн.теңге бөлу жоспарланған. Ал ауыл әкімдерінің жеке кірісі – 41,7 млн.теңге болмақ. Бұдан шығатын қорытынды, төменгі атқарушы биліктің тізгінін ұстап отырғандардың қаржылық мүмкіндігі өткен жылға қарағанда 8 есеге артпақ.

Әлібек ЫБЫРАЙ