Renault Қостанайда құрастырылады
Renault Ресей бүгін Қазақстанда бірлескен өндірістің басталғанын жариялады. Renault Group және «Allur» КТ өнеркәсіптік серіктестігі аясында автокөліктердің модельдік қатарының сериялары Қостанайдағы «СарыаркаАвтоПром»зауытында шығарылатын болады.
Өндірістік желі Renault Group жабдықтарына, технологиялық процестеріне және сапасын бақылауға қойылатын барлық талаптар ескеріле отырып құрылды. Жобаға қатысқан барлық қызметкерлер өндірістің барлық үдерістерін құру үшін, Renault стандарттары мен әдістеріне қажетті оқытудан өтті.
Қостанайда шығарылатын алғашқы автомобильдер ТМД елдерінің түрлі жол және климаттық жағдайларында пайдалану үшін өте жақсы бейімделген Renault Arkana және Renault Kaptur кроссоверлері болады. Болашақта сатып алушылардың сұранысына жауап бере алу үшін өндіріс көлемін біртіндеп арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл серіктестер Renault автомобилінің басқа модельдерінің есебінен өндіріс ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.