Қаруды заңсыз сақтаған

"Қару-2015" жедел-алдын алу шарасының барысында полицейлер қаруды сақтау ережесін бұзудың 76 жағдайын анықтады.
 Мақсатты шара кезінде  2414 азаматтық қару иесі және табиғат қорғау органдарының 7 қызметкері тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша рұқсат беру жүйесі талаптарын бұзғаны үшін 101 қару иесі  жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 4 атыс қаруы алынды.
Мысалы, Жітіқара ауданының Қондыбай ауылының 47 жастағы тұрғыны ТОЗ-11 маркілі карабинді үйінде заңсыз сақтаған.Қару диванның астынан табылды. Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-3 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 ОІІД баспасөз қызметінің материалдары бойынша  дайындалды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓