Балуандарымыздың бағы жанды

Грек-рим күресінің классикалық әдісін жақсы меңгерген Мирас Баршылықов үшін бұл чемпионат алғашқы сынағы емес. Ол – халықаралық бірнеше жарыстардың жүлдегері. Бапкерлері – Александр Алексютин мен Владимир Матвиенко.
– Ақтаудағы чемпионатқа екі ай дайындалдық. Бапкерлерімнің қойған мақсаты да осы жарыстың алтынын алу еді. Қарсыластарым оңай болған жоқ. Дегенмен бабымнан жаңылмай чемпион атандым. Ең бастысы "ҚР спорт шебері" деген атағымды қорғап қалдым, – дейді Мирас.
Биыл 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Әлем және Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары ретін-де есімдері жоғарыда аталып өткен сайыпқырандарымыз осы сайысқа тікелей жолдама алды. Күштілер додасында бақ сынайтын білекті балуандарымызға сәттілік тілейміз!
Қасқырбай Қойшыманов.