Ұлтжандылық – ұлағатты ұғым

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы мәлімдемесі елімізде мейлінше қолдауға ие болып, жемісті жүзеге асырылып жатыр.
Сарыкөл ауданында тарихи күнге  орай  тағылымға  толы дүниелер шымылдырығын түруде. Соның бірі аудандық кітапхананың мұрындық болуымен өткен іс-шара. Оған Сарыкөл орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары арнайы қатысты.
Басты мақсат – қазақ халқының ұлы хандары туралы түсінік беріп, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеп, өткен тарихымызды білуге баулу.
Мектеп оқушылары өз баяндамаларында ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен тарихта қалған тау тұлғаларды тақырып-қа тұздық қылды. Олар Қазақ хандығының құрылуы, Жәнібек пен Керей хаһында және елді бітімге бастаған біртуар қазақ билері, олардан қалған даналық сөз-дерді сайратып айтып берді. Сондай-ақ, 14-15 ғасырлардағы қазақтың мәдени-рухани өмі-рі туралы да тебірене тілге тиек етті.
Жалпы, бар тілегін, бар ғұмырын туған жұртының болашағына бағыштаған ұлы бабаларымыздың баһадүр істері, үзілмей жеткен өнегесі үлгі етілген тағылымға толы шарада жас ұрпақ солардың жолын танып, аманаты мен мұратын  ұғып, елдік істерін ой-електен бір өткізді. Ата-бабаларымыз іргесін қалап кеткен мемлекетіміздің болашақта мәңгілік ел болатындығына жұдырықтай жүректерімен сенім білдірді.
Руслан
         ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓