Мамандықтың мәнін түсіндірді

Жол автивтерінің ұлттық сапа орталығы "1000 мектеп" акциясын жүргізіп келеді. Соның арқасында жолшы мамандығына қызығушылар қатары көбейген. Бұл акциядан өзге мекеме төңірегінде "Ашық есік" күндері ұйымдастарылады. Мұндай күндер қатысушылар үшін аса маңызды. 
"Мамандық таңдау өте қиын. Бұл сенің болашағыңды таңдаумен пара-пар. Әу баста дұрыс жолды таңдадым ба деген күмән болып еді, ал ашық есіктен кейін күмәніміз жоғалды. Бүгін Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Қостанай облысы бойынша филиалына келіп, мамандарды тыңдап, мамандығымыз үшін мақтаныш сезім пайда болды", – дейді ашық есік күніне қатысушылар.
Орталық мамандары жастардың жол саласына бет бұруы үшін жасалып жатқан шараны маңызын атап өтті.
"Қазіргі таңда жол саласына деген қызығушылық жастар тарапынан артып келеді. Тіпті, бойжеткендердің ынтасы зор. Мұның барлығы "1000 мектеп" акциясы мен ашық есік күндерінің жемісі. Осыған дейін облысымыздың көптеген мектебінде онлайн және офлайн кездесулер өткізіп, жолшы мамандығын таңдауға үгіттеген едік. Қазір жоғары және орта оқу орындарының студенттері үшін ашық есік күнін ұйымдастырып, жол саласының қыр-сырын таныстыруға тырысамыз. Студенттердің сұрақтары салмақты. Олар өз мамандықтарының басым тұстарын білгісі келеді. Барынша толық жауап қайтаруға тырысып бақтық. Мекемемізде болатын ақылы тәжірибе жайында естігенде, тіпті көздері жанып кетті. Студенттер белгілі бір талаптар бойынша тәжірибеден өту үшін таңдалады. Олар негізінен оқушының үлгеріміне қарайды. Студенттерге арналған өндірістік тәжірибе ақылы. Олар айына 85 мың теңге алады. Бұл болашақ мамандар үшін жақсы мотивация", – дейді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Қостанай облысы бойынша филиалының зертхана меңгерушісі Наталья Якуба.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓