Ел және елбасы

11 ақпан күні Астанада  Н.Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда мемлекет басшысы  сөз сөйледі. Отырыс барысында отандық экономиканың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары талқыланып,  "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері қаралды. Кеңесте мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарды "Қазақстанда жасалған" атты акцияны жүзеге асыруда отандық өнімдерге қолдау білдіруге шақырды.
 
Боранбай Әбеуов,
Аманкелді ауданының тұрғыны:
Қолдауға тұратын бастама
боранбай 1Елбасы дұрыс айтты. Соңғы жылдары елімізде бірнеше жүздеген жаңа өндіріс орындары ашылып, қаншама жұмыс орындары пайда болды. Мұның бәрі сайып келгенде, халықтың әл-ауқатын жақсартудан туындап жатқаны белгілі. Бір қуантатыны, бұрын шет мемлекеттерден тасымалдайтын кейбір тауарлардың өз ішімізде өндіріле бастауы еліміздің жаңа бір белеске көтерілгендігінің айғағы емес пе. Бұл ішкі экономиканың ілгері дамуына негізгі серпін беретін тетіктердің бірі. Мемлекет басшысының өзі ел ішінде шағын және орта бизнесті дамыту керектігін бекерден-бекерге айтып жүрген жоқ. Тек бұған түзу көзқарас, жалпыхалықтық қолдау қажет. Күні кеше ғана Президентіміз: "Барлық сауда желілерінде отандық тауарлар секциясы пайда болу үшін "Қазақстанда жасалған" акциясын бастаймыз. Барлық азаматтарға осы күрделі жағдайда патриоттық танытып,  қазақстандық өнімді сатып алу жөнінде кеңес беремін", – деді. Өзімізде жасалған сапалы дүние тұрғанда, өзгенікіне телміруіміз шындығында ұят қой.
 
Рақымжан Жүлкеев,
зейнеткер, Рудный қаласының тұрғыны:
"Адалдық қажет әркезде"
IMG_1304Крия цвКешегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы қазіргі әлемдік қаржы дағдарысының ахуалын жан-жақты айта келіп, осындай қысылтаяң кезде елімізді дамыту, экономиканы әлсіретіп алмау туралы өз бағыныштыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер жөнінде айтқан пікірі оңды деп санаймын өз басым. Президент былай деді: " Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы мемлекет қаржысын достары мен туыстарының фирмаларына үлестіретін бизнеске айналмауы керек. Қазір ел азаматтары атқарушы биліктен нақты және тиімді жұмысты күтіп отыр. Үкіметтің әрбір мүшесінің,әрбір әкімнің міндеті – білек сыбана жұмыс істеу. Сіздер үшін сын сағаты туды. Қаржыны игеру, жұмыс орындарын ашу талап етіледі, олай болмаған жағдайда, орынды босатқан жөн". Бұл өте орынды айтылған мәселе. Шындығында, қоғамдағы жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстық ешкімге абырой әпермейді. Оны баспасөз күнбе-күн  жазуын  жазудай-ақ  келеді. Әсіресе, қазіргідей қаржы дағдарысы етектен тартып тұрған шақта жиіркенішті әдеттен арылмасақ, мұның үлкен залалы тиеді. Сондықтан, Елбасының мемлекеттік қызметкерлерді өз міндеттеріне адал қарауға шақыруын құптаймын.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓