Спорт алаңдары бой көтереді
Ағымдағы жылдың соңына дейін Лисаковта жаңа спорт алаңдары пайда болады, деді Лисаков қаласының әкімі Марат Жүндібаев халыққа есеп беру жиналысында.
М.Жүндібаевтің айтуынша, Лисаков қаласында ағымдағы жылы шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша спорт алаңдарының құрылысымен қоса, №1 су жылыту қазандығы, Темірбаев көшесінің жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Биыл ең бірінші рет инженерлік желілері жоқ Парковая, Больничная, Банковская көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған бөлінетін қаржы 68,6 млн. теңге.
«Өткен жылы қалада барлық жол бойындағы айналма жолдар абаттандырылды. Жеңіс саябағындағы Даңқ ескерткіші жаңартылды. Саябақ жұмыстары әрі қарай жалғасатын болады. Одан бөлек, көшелер мен инженерлік желілер қалпына келтірілді. «Нұр Отан» партиясының филиалы, «Афродита» сұлулық салоны, «Темірлан» спорт клубы, «Тортилия» кондитерлік цехының ғимараттары жаңа кейіпке енді», – деді қала әкімі.
Оның айтуынша, соңғы екі жылда еккен гүлдер саны 37% артып, ал жас көшеттерді отырғызу 3 есеге дейін көбейген.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ
Лисаков қаласы.