Қыс
Терезеде қырау,
Күн суытып тұр-ау.
Шырылдайды торғай,
Қайтсін, тоңып жүр-ау!
Дала тегіс аппақ,
Қойғандай-ақ ақтап.
Кеше жауған күртіктен,
Жүре алмайсың аттап.
Бір жұмаға жуық,
Аяз боп тұр, суық.
Көрінді, әне, ай да,
Шалқасынан туып.
Көше толған бала,
Болса да аяз дала.
Қардан қалап жабылып,
Салып жатыр қала.
Сарғайып алтын таң атты,
Шашылды сәуле қуатты.
Ақ көрпеге оранып,
Керіліп кербез бел жатты.
Аяқ қысып тұр қатты,
Өзен, көлде мұз қатты.
Тыныштық орнап мүлгіген,
Қызарып күміс күн батты.
Тарәын ӘБЕНОВ.