Қажының құрметіне ас берілді

Ұзынкөл ауданы Обаған ауылында ұлағатты ұстаз, мұсылман дінін насихаттаушы Мүсембай қажы Кешубайұлының өмірден өткеніне 105 жыл толуына орай ас берілді. Рухани жиынға облыстық Марал Ишан мешітінің наиб-имамы Бақытжан Нұрсаитов, Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, танымал қаламгер Жолбарыс қажы Баязид, жергілікті атқамінер азаматтар мен ауыл тұрғындары қатысты.IMG_8025
Көшебе Керей руынан шыққан Мүсембай қажы саналы ғұмырында шәкірттерді имандылық жолына тәрбиелеп, дәстүрлі Ханафи мазхабын кеңінен насихаттады. Өзі туған Обаған ауылының мешітінде имам болып, халыққа мінсіз қызмет етті. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші көзі тірісінде жасаған игілікті істері бүгінде ел қажетіне жарап отыр.IMG_7989
Алыс-алыс аймақтарда келген жұрт алдымен қажының зиратына барып, құран бағыштады. Салтанатты жиында сөз алған наиб-имам Бақытжан Икрамұлы:
– Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. айтқан: «Адам баласы дүние салғаннан соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ғылым, артынан дұға қылатын салихалы перзент. Мүсембай қажы Кешубайұлының елге жасаған пайдалы ісі мен қалдырған ілімі ұрпақтан ұрпаққа жете берсін, – дей келе жеткізген шараны ұйымдастыруға атсалысқан Рудный қаласының тұрғыны Ғабдолла қажы Ахметжанов пен жомарттық танытқан ел азаматтарына ризашылығын білдірді. сөйлеген қонақтар мен ұстаздың ұрпақтары.IMG_8192
Қажының құрметіне берілген асқа 300-ден астам келді. Бұл күні жылқы мен қой сойылып, ұлан-асыр той болды. IMG_8194Табиғат аясында киіз үйлер де тігіліп, ақ дастархан жайылды. IMG_8155Түс ауа құран оқудан сайыс өтіп, оның соңы ат жарысы, қазақша күрес, кір тасын көтеру сияқты спорттық ойындармен жалғасты.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓