Досыма
Өміріңе көңіл толмай жүргенде,
Кездеспеді-ау түсінетін бір пенде.
Ашық мінез, жарқын жүзді болғанмен,
Өңкей бәрі кекірейген құр кеуде.
Кімге керек мұңды болып жүргенің,
Кімге керек қарқ болып күлгенің.
Сырты бүтін, іші түтін көбінің,
О, досым-ау, жөн болады білгенің.
Өмір сені түлкі құсап алдады,
Сорың көп пе, бағың сірә жанбады.
Сенсең егер, өзіңе сен, көбінің,
Ойлайтыны өздерінің қамдары…
Руслан ӘЛКЕЕВ.