Комиссияның 8 айдағы жұмысы пысықталды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімованың төрағалығымен өткен облыстық комиссияның кезекті отырысында жұмыс топтарының 8 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы тыңдалып, алдағы міндеттер айқындалды.
Күн тәртібіне сәйкес, депортацияланған халықтар өкілдеріне қатысты деректерді жинау және зерделеу бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ә.Табулденовтың, облыстағы халықтық наразылықтарды, қарусыз және қарулы көтерілістерді белгілеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Э.Наурызбаеваның, арнайы архивтердегі істерге сәйкес ақталмаған азаматтарды ақтау және материалдарды құпиясыздандыру жұмысының алгоритмі туралы Қостанай облысы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Т.Нұрмағамбетовтың баяндамалары тыңдалды.
Қазіргі таңда облысымыздың 12 өңіріне экспедиция ұйымдастырылды. Зерттеу жұмысына барлық ведомстволық архивтер қызметкерлері, қалалар мен аудандарда 187 адамнан тұратын кіші жұмыс топтары жұмылдырылған. Зерттеуші-ғалымдарымыздың 8 ай ішінде зерделеген құжаттарының нәтижесі қордалануда. Ақпарат әлі де жиналуда.
Комиссия төрағасы, облыс әкімнің орынбасары Бақыт Есімова жылды қорытындылайтын уақыт тақап қалғанын, атқарылған жұмыстардың нәтижесі болу керегін айта келе:
– Біздің жұмысымыздың нәтижесі – ұрпағымызға қалдыратын мұра. Бұл жұмыс тек бір ғана мемелекеттік органның немесе адамның жауапкершілігі емес, жалпы барлығымыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан бұл мәселеге жеңіл-желпі қарамай, бар күшімізді салуымыз қажет, – деп атап өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓