Аймақтың мұң-мұқтажы
Мені өзім қырық жылдан аса еңбек еткен Аманкелді ауданы мен көршілес Жанкелдин ауданының кейбір өзекті мәселелері толғантады. Әсіресе, ауыз су мәселе-сі, соның ішінде, соңғы алты-жеті жыл көлеміндегі көне Торғай қаласына (елді мекеніне) – көктемгі су тасуда Тор-ғай өзені суының жетпей қа-луы. Бұл мәселені қалай ше-шуге болады, не істеу керек? Ертеректе ол жақ сусыз қалмайтын!.. Нұрқан ақын жырға қосқан ақ сазаны тулаған сол өзен сулары неге жыл сайын суалып барады? 2006 жылы ауданға жұмысшы іссапарымен Қазақстан Республикасының экология министрі Нұрлан Искаков келді. Аудан басшыларымен кездесу барысында мен ми-нистрге біздің аудан үшін өзекті мәселеге айналып ке-ле жатқан екі проблема туралы айтып, ұсыныс жасадым. Бұл мәселелер Торғай төңірегінде тұратын тұрғындардың денсаулығы үшін өте қажет, маңызды сұрақтар болатын.
Біріншісі: 80-жылдардың аяқ кезінде "Сарыторғай" елді мекенінің "Байсақал-Сарыбас" аймағына құлаған ресейлік "Протон" зымыраны, одан төгілген гиптил улы сұйығының жеті-он жылдар көлемінде өңір тұрғындарының денсаулығына кері әсер етуі. Осыған орай халыққа өтемақы төлеу, әрі сол елді мекенді залалсыздандыру мәселесі.
Екіншісі: "Тобыл-Торғай" бассейні болып аталатын "Торғай" өзені бойындағы "Есентай бөгетін" қалыпқа келтіріп, оған үлкен шлюз-бетонды плотина (бөгет) салуды ұсындым. Министрге айтылған ұсыныс-тілектердің аудан әкімдігі тарапынан ресми түрде толтырылып, жауапты тұлғаның жеке өз қолына берілгенін білемін. Содан бері он жылдың қарасыны өтті…
Ендігі мені толғандыратыны, бірінші: "Протон" мәселесі. "Екідің", "Үрпек" ауылдары мен Аманкелді кентінде тұратын, мен танитын бірқатар жора-жолдастарымның, бәрінің десе де болады, көз жанарлары ауыра бастаған. Улы гиптилдің салдары болуы әбден мүмкін ғой?! Әзірге ешкім ештеңе білмей-ді! Бізде ашылмай жүрген әр-түрлі саладағы құпиялар аз ба? Екіншісі: Торғай өзеніндегі "Есентай бөгеті". Неге Торғайға кейінгі жылдары тасыған су тегіс бармай жүр? Себебі оның ең бастысы, бү-кіл елге белгілі жағдайы – Есентай бөгетінің алғашқы нұсқа-негізінің жан-жағынан, тасыған су жыра-жыра, үлкен құлақтар пайда болған. Сол төңіректе кезінде (70-жылдары) батпақты құрғатуға деп қазылған жіңішке канал бір-неше жылдардан бері кеңейіп, едәуір арналы өзенге айналды. Тасқын судың басым бөлігі сол каналға түсіп кетеді де, "Сартал-Қабырға" бойына құйып кетеді. Демек, бұл дегеніңіз – жыл өткен сайын Торғай өзені өзінің бастапқы арнасымен ағуды азайтып келе жатыр деген тұжырым. Созыла өскен "Құмөткел", Баяхмет, "Батпаққара" көктал-тоғайын жарып ағатын жерлерінде өзен арнасы мен түбі түрлі қал-дық, қоқыс, шайынды-шөгін-дімен өсіп, ұзақ жылдардан бері бітеліп жатқанын да аң-ғару қиын емес. Екінші себебі Байғабыл ауылдық округі төңірегіндегі белгілі "Қызыл арық" бөгетінің бірқатар жылдардан бері жырылып кетіп жатқаны. Бұндай су-шаруашылық мәселелерін шешуге таяу жылдарда Аманкелді ауданының өзінің қауқары жетпейді. Өйткені, бірінші кезекте тұрған басты нысана – "Есентай бөгетін" жай ғана бөгеу емес, оны жоғарыда айтқанымдай, үлкен шлюзді плотинаға айналдыру керек. Бөгетке топырақты басқа жер – алысырақтан тасып салу қажет. Плотинаға түсетін су қысымын азайту үшін сол "Есентай бөгеті" жанындағы Ыбырай көңінен Момбай көңіне дейін 3-3,5 шақырым канал қазылып, Торғай өзенінің арнасы сәл бұрылып, ескі арнаға қайта қосылуы керек. Сонда Баяхмет көңі, әрі қарай Байғабыл-ға дейін Торғай өзені ертедегі өз арнасымен ағатын болып, нәтижесінде, Жанкелдин ауданының аумағына тиісінше су да баратын болады. Бұл, әрине, оңай шаруа емес. Мұны екі аудан басшылары бірігіп, облыс әкімі деңгейінде, республика Үкіметі алдына мәселе етіп қоймаса болмайды. Елі мен жерінің проблемасын тек қана сол жердің тұрғылықты халқы біледі. Парламент депутаты, елдің жанашыр, құрметті азаматы Кенжеғали Сағадиев ағамыздың да қарап қалмасы белгілі.
Келесі бір рухани ұсыныс: "Қазақстан-Қостанай" телебағдарламасының ертеңгілік "Тобыл таңы" атауын "Тобыл-Торғай таңы" деп атаса. Елбасымыздың "Ұлытау ұлағаты" деген рухымызды көтеретін бастамасына үн қосқандық болар еді! Ұлытаудан бастау алып ағатын төрт өзеннің бірі – Торғай өзені. Ал Торғай өңірінің халқы мен тұрғындары сол өзеннен өз нәпақасын тауып отыр. Облыс басшылары Тобыл өзенін атағанда, Торғай өзенін де қоса атап, "Тобыл-Торғай бассейні" екенін ұмытпауға тиіс деп есептеймін.
Секен Жұмабеков,
зейнеткер, КСРО құрметті радисі.
Затобол кенті.