1,6 млн адамның жалақысы өседі

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕМ және АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 млн адамның және экономиканың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,6 млн адамның жалақысы өседі.
Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жөнінде бірқатар шаралар қабылдауда. Осылайша, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің айлық табысы кезең-кезеңімен өсіріліп жатыр, 2023 жылы олардың жалақысы екі есе көбейтіледі. Биыл 25% өседі. Сондай-ақ осы жылы медицина және әлеуметтік сала қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды, соның нәтижесінде таяудағы төрт жыл ішінде олардың айлығы екі есеге ұлғайтылатын болады.
Биылдан бастап жоғарыда айтылғандардан басқа санаттағы қызметкерлердің де жалақысы артады. Бұл – 588 мыңға жуық адам, яғни, мұрағатшылар, кітапханашылар, музей қызметшілері, орманшылар, техникалық қызметкерлер және басқалар.
Сонымен қатар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, 2021 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысында халықтың атаулы табысы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,4% және инфляцияны ескере отырып, 6% өсті. Осы кезеңде орташа жалақы 243,7 теңгеге жетті, бұл 2020 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 19% артық.
 
Асыл Қасым

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓