Тәрбие ұясы…

Ұрпаққа жақсы тәлім-тәрбие беруде ата-анамен қатар бала- бақшаның да орны ерекше.
 Қостанай ауданы, Октябрь селосындағы "Шапағат" бала- бақшасы ауыл тұрғындарының ризашылығына бөленіп, бата-ларын алып жүрген орта. Қандай да еңбек ортасы болмасын оның жетістігі де, кемшілігі де біріншіден ол ортаны басқарып отырған басшысына байланысты болмақ. Аз уақыт ішінде "Шапағат" балабақшасының бұрынғы жетістіктерін үстемелей түсіп, осындай жайқалтып, гүлдендіре білген басшы Гүлбатира Бейсенбекқызы Алпысбаеваға рахмет, әлі де еңбегінің жанып "Бақытты бол шырағым" дегеннен басқа не айтарсың. Адал еңбектерінің, бас бірліктерінің, ізденістерінің жемісі екенін көрудеміз. Барды шашумен емес, азды ұқсата білу дегеніміздің нәтижесінің жетістігі.
Негізінде балабақша екі салада қазақша және орысша бөлімдері жұмыс істейді. Әр саладағы тәрбиеленуші бүлдіршіндер өз мәнінде ұқсатымды түрде тәрбиеленуде. Қазақша бөлімінде келешегін көре білген, Қазақстанды Отаным деп тани білген өзге ұлт өкілдерінің де балалары тәрбиеленуде. Орталарына бара қалсаң "Сәлеметсіз бе?" – деп амандасулары, бір-бірімен қазақша сөйлесулері, мерекелік сәттерде қазақша киініп, қазақша өлең, тақпақтар айтып тұрғандарын көрген ата-аналарының да ризашылықтары өз алдына бір төбе, бұл сәттерін сыртынан көрген жандардың ұлт татулығын, адам баласының бас бірліктерінің, негізгі өмір сүру мақсаттарының бір екендігінің көрінісін көріп, осындай татулығымыз ұзағынан болып, елімізде тыныштық бола берсе екен деп тілегің келеді екен.
"Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" демекші, бұл бүлдіршін балаларымыздың да осындай жақсы қамқоршылықтан  бастау алып, ертеңгі күндерінің сәттілікте болуына тілектестікпен, мектеп табалдырығына аттандырып жататын тәрбиешілер қауымына да еңбектері жемісті болып, жетістігін көре берсеңіздер екен демекпіз. Өткен бабаларымыз "Балаңды бес жасқа дейін бетін қақпай еркін өсір, бестен он беске дейін тек қана оқыту емес, еңбекке баулып, құлша жұмсап өмірдің ащы-тұщысын да сезіндіріп өсіру, он бестен әрі қарай досыңша ақылдасып ой бөліс" – деген екен. Мұндай атадан қалған тектілік қағидасын, әр ата-ана бала тәрбиесі жолында өз сана межесінде ескере білсе, баланың ертерек есейіп етек жиюына септігі болар ма еді, амалсыздан отызға  келіп арба итергендер қатары кемір ме еді, өз кезегінде ата-ана да тәрбиелі, саналы, парасатты ұрпағы алдында, шалыс баспауға тырысқан, ұйыған бақытты отбасы болар ма еді.
Өмірзақ  Беков.
Қостанай ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓