Телефон алаяғынан абай бол!
4 ақпан күні полицияға Затобол кентінің 35 жастағы тұрғыны арызданды. Оның ұялы телефонына "Құттықтаймыз, сіз үй кинотеатрын ұтып алдыңыз. Ұтысыңызды алу үшін мына нөмірге хабарласыңыз…" деген хабарлама келіпті. Ер адам көрсетілген нөмірге телефон шалса, оған жауап берген бейтаныс біреу ұтысымен құттықтап, 5 мың теңге аудару қажеттігін айтқан. Затоболдық жігіт ақшаны аударып, ұтысын аламын деп көп күткен. Алданғанын білгесін амалсыз полицияға келіпті.
Осы факті бойынша тексеріс жүргізіліп, күдікті іздестіріліп жатыр. Соңғы кезде алаяқтық оқиғалары жиілеп кеткендіктен, полицейлер бейтаныс адамдарға құжаттарды беруден аулақ болу, әртүрлі сылтаулармен ақша аударуды талап ететін телефон алаяқтарынан абай болу керектігін ескертеді.
ОІІД баспасөз қызметінің материалдары бойынша дайындаған
М.Қабдрахметова.