Тәртіп – ортақ міндет

Рудныйда төтенше жағдай режимін бұзудың 68 фактісі анықталды, оның ішінде екі адам үйдегі оқшаулану ережелерін сақтамаған. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Құдабаев мәлімдеді.2-dgaga (1)
Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін полицияның жеке құрамы қызметтің күшейтілген тәртібіне көшті. Осыған орай күнделікті рейдтерге 100-ге жуық тәртіп сақшысы, сондай-ақ санитарлық дәрігерлер, әкімдік өкілдері, еріктілер қатысуда. 31 наурыздағы ақпарат бойынша, Рудныйда төтенше жағдай режимін бұзудың 68 фактісі анықталып, 8 құқық бұзушы сотталды.
– Көбіне дүкеншілер маскасыз және резеңке қолғапсыз жұмыс істеп, тұрғындардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауда. Әрине, барша халыққа арналған әмбебап маска режимі жоқ, бірақ қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндердің бәрі оны сақтауға міндетті. Сондай-ақ, төтенше жағдайды бұзушылар арасында букмекерлер, ойын клубтары, кальян, спорт нысандарының иелері бар. Мысалы, 30 наурызда Рудный әкімшілік соты ҚР Әкімшілік Кодекстің 476-бабы бойынша 50 лет Октября көшесіндегі компьютерлік клубтың иесі жауапкершілікке тартылды. 1999 жылғы жас жігіт екі күнге уақытша қамау абақтысына тоғытылды. Осы баптың санкциялары ескерту түріндегі жазаны, 10 АЕК айыппұлды немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді, –дейді Ілияс Құдабаев.
Бүгінгі таңда дүкендер ғана емес, сонымен бірге кешкі сағат 10-да жабылуы тиіс дәмханалар, асханалар, барлар мен мейрамханалар ерекше бақылауда. Сұлулық салондары мен шаштараздар болса тек алдын ала жазба бойынша қатаң жұмыс істеуі керек.
Әрине, екі апталық карантинде үйінде отырған азаматтар да ерекше назарда. Мәселен, 31 наурызда үйін рұқсатсыз тастап кеткен екі адамға қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Іс сотқа жөнелтілді.
Рудный полиция басқармасы азаматтарды төтенше жағдайдың барлық талаптарын сақтауға, елдегі және әлемдегі жағдайға аса жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓