Жолда сақтық керек

Қостанайлық полицейлер жолдарда қалыптасқан жағдайға байланысты жүргізушілерге ескерту жасайды. Жыл басынан бері облыста 39 жол-көлік апаты болып, 49 адам әртүрлі дене жарақатын алған және 8 адам опат болған.
ОІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ердәулет Махмұтов соңғы уақытта тіркелген жол-көлік апаттарының басты себептері жылдамдықты шамадан тыс асыру, алдындағы көлікті басып озу және бұрылу ережесін бұзу, көлікті мас күйінде жүргізу екенін атап өтті. "Біз жүргізушілерден жолда жүру ережесін сақтауды, жол жүрісіне қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеуді сұраймыз", – дейді Е.Махмұтов.
Әсіресе қысқы жолда, көктайғақта абай болған жөн. 8 ақпан күні Қостанай-Әулиекөл-Сұрған жолында  ауа-райының қолайсыздығы апатқа себеп болды. Жүргізуші, Қырғызстан азаматы, рульге ие бола алмай қалып, қозғалыстың қарсы бетіне шығып кетті. Апаттың салдарынан 4 адам қаза тапты, бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓