Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы азаймай тұр
2014 жылы облыста жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсап, қасақана жанын қию жағдайлары 10,1 пайызға өсті. Өткен жылы суицидтің 65 фактісі тіркелген, оның 11 жағдайы өкінішті аяқталған.
Суицидті психологтар жан күйзелісіне байланысты орын алатын оқыс оқиға деп бағалайды. Балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі өлтірмек болуы отбасындағы ұрыс-керіс, баланың жақын адамымен келіспей қалуы, оның жеке басын кемсітіп, қорлау сияқты жағдайларда орын алады. Жасөспірімнің өзін-өзі өлтіруі және өзін-өзі өлтіруге қастандық жасау фактілері отбасының мәртебесіне байланысты емес. Тұрмысы жақсы отбасыларында да келеңсіз жағдайлар болып қалады. Негізгі себеп ата-аналар мен балалар арасында өзара түсіністіктің болмауы. Осындай оқыс қадамға барғандардың көбі 15-17 жас аралығындағылар. Педагогтар "қиын жас" санайтын кезеңде балалардың мінез-құлқы, психологиялық жағдайы тұрақсыз болатыны белгілі.