Соғым жыры
Салт-дәстүрін бабалар тастамады,
Жастардың да жөн оны қоштағаны.
Кезектесіп, бір-бірін шақырысып,
Қаңтар түсе бір науқан басталады.
Қазекең де қасқырға сай емес пе,
Жейтіні қазы-қарта, май емес пе.
Қуырдақпен 100 грамм көтеретін,
Соғым деген қазақтың тойы емес пе?
Қонақ барсаң күндерің сәнді өтеді,
Әр қазақ өз соғымын дәмді етеді.
Қарын тойып, ұртың да майланған соң,
Көңілің өз-өзінен әндетеді.
Жайраңдайды, жандары жарасады,
Болмашыға дауласып, таласады.
Әнге басып, үйіңді күйге бөлеп,
Бастайды бір керемет тамашаны.
* * *
Көңілі кең осындай бұл қазақтың,
Жарқын болсын әрқашан болашағы.
Абай Қажи.
Әулиекөл ауданы.