Күмбірлеген күйлер
Қостанай қаласындағы М.Хәкімжанова атындағы №20 қазақ орта мектебінің бір топ оқушылары өздерінің тырнақалды мақалаларын газетімізге жолдапты, соларды оқырмандардың назарына ұсынып отырмыз.
Халқымыз ерте заманнан әндері мен күйлерін, асыл мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, көзінің қарашығындай сақтап келген. Сол халық қазынасы домбыра үйірмесінде деп айтамын. Біздің мектепте домбыра үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жетекшісі – Азамат Мұқатов. Домбыра үйірмесінде ноталармен танысып, қазіргі күйші, композиторлардың шығармаларын үйреніп жүрміз. Оқушылар үйірмелерге өз домбыраларымен келеді. Үйірме барысында біз қағыс, перне басу жаттығуларын үйрендік. Содан кейін ағайымыз жеңіл "Еркем-ай", "Біз өмірдің гүліміз" секілді әндерді домбырада орындауды үйретті. Үйірмеде үйренгенімізді мектебіміздегі барлық іс-шараларда домбырамен орындап, көрермендерге ұсынамыз.
Гүлсезім БОЛАТ,
7-сынып оқушысы.