Белбеу тағу да бір өнер
Ер адамның стильдік имиджінде белдікті дұрыс таңдау маңызды роль атқарады. Белдіктің түрі өте көп болғандықтан, орындарын ауыстырып тағудан сақ болыңыз.
1. Спорттық үлгідегі бел-дік. Түрлі-түсті тоқылып жасалған белдіктер. Бұл белдік түрі, көбінесе, джинсы және шолақ шалбарлармен жарасымды болады.
2. Сәнді белдік. Қалың әрі қатты матадан сәнді етіп жасалған белдік түрі. Фланельді, чиносты шалбарлармен, жалпы қалың маталы шалбарлармен жарасым табады.
3. Джинсыға арналған белдік. Теріден жасалған, айылбасы үлкен әрі сәнді. Джинсыға арналғандықтан, басқа шалбар түрлерімен тағуға болмайды.
4. Классикалық үлгідегі белбеу. Бұл классикалық үлгідегі белдік – костюм шалбардың ажырамас негізгі бөлігі. Айылбасы онша үлкен емес, ықшамды болғаны жөн. Ал түсіне келер болсақ, қара, қоңырға жақын болғаны дұрыс. Аяқ киіміңізбен сәйкес келсе, тіпті жақсы.
5 . Күнделікті тағып жүруге арналған белдік. Майысқақ материалдан өріліп, тоқылып жасалған. Терімен сәнделген, ал айылбасы қарапайым. Ыңғайлы, классикалық үлгіге көп келіңкіремейді. Жалпы көп жағдайда тағуға болады.