Бір үйдің құпиясы
Он сегіз мың ғаламның жұмбағы әлі толық ашылған жоқ. Адамзат сырын ашпаған, байыбына бара алмаған дүниелер көп… Кейде жұмыр жер бе-тінде адам айтса сенгісіз оқиғалар болып жатады. Дос құрбымнан естіген осы бір әңгіме еріксіз еске түседі.
– Менің басымнан өткен бұл оқиға әлі бүгінгідей көз алдымда, – деп бастады ол әңгімесін. – Ол кезде жаңа отау құрған кезіміз. Қалаға келіп пәтер жалдадық. Үш бөлмелі пәтерге екі отбасы қатар тұра бастадық. Үй қожайыны кетерінде ортаңғы бөлмедегі қабырғаға бекітілген сөреге тиіспеуімізді ескертті. Ол кезде оған аса мән берген жоқпыз, неге деп сұрамадық та. Бірде күйеуіміз екеуіміз кешке қарай ол сөрені алып тастамақ болып ары-бері әурелеп көріп едік, дәп сол бір қабырғаға жабысып қалғандай қозғалта алмадық. Содан кейін ол сөреге жолаған жоқпыз.
Бір күні бәріміз шырт ұйқыда жатқан едік, ауыз үйден бір нәрсенің қатты құлаған, сондай-ақ ыдыс-аяқтың сынған дыбысы естілді. Қатты шошыған екі отбасының мүшелері бөлмелері-мізден атып-атып шықтық. Қарасақ, ортада күйеуім жұлқылап ала алмай қойған сөре шегелерімен бірге қопарылып жерде жатыр. Ішіндегі ыдыстар күл- талқан болып сынған. Ал сөренің ішінде бұрыннан тұрған кеселер бүтін. Сөйтсек, бізбен көрші тұратын келіншек сөреге өз ыдыстарын қойып, ондағы кеселерді ығыстырып жинап тастаған екен. Сол күннен бастап осы үйден тыныштық кетті. Түн бола бастаса, асүйден әлдеқандай түсініксіз дыбыстар шығып, ұйқымыз бұзылды. Бәріміз түнде бастырылып ұйықтай алмайтын болдық. Сол үйде тылсым күштің бары анық байқалды.
Біз көп кешікпей тынышымызды алған әлгі үйден көшіп кеттік. Естуімізше, ол үйге бізден кейін келгендер де көп тұрақтай алмайтын көрінеді. Ұзынқұлақтан еститін "үй иесінің" бар болғаны ма?
ш. жақсылық.