Жарасымды киіну ЭТИКАСЫ
Халқымызда "Адам көркі – шүберек" деген мақал бар. Аталы сөздің астарына үңілсек, жан сұлулығын тәннің сұлулығы толықтыра түсетінін меңзейтіндей. Үстіңіздегі киім тал бойыңызға жарасып, ажарыңызды аша түссе тамаша емес пе?! Сырт көзге сүйкімді көріну үшін қымбат киім, бағалы әшекей бұйымдарының қажеті шамалы. Сән өнеріндегі ең басты талап –үйлесімділік. Осы орайда облысымыздағы танымал "Сұлтан" сән ательесінің директоры Мәлика Төлемісова киіну мәдениеті туралы әңгімелеп берген болатын.
– Киім таңдаудың ең басты ережесін атап өтсеңіз.
– Көптеген әйелдер гардеробы толы болса да киерге киім таппай қиналады. Оның себебі неде? Біріншіден, киімнің дұрыс таңдалмауы. Бұл ретте түске, адамның дене бітіміне және стильге назар аудару керек. Ең алдымен базалық гардероб жасап алыңыз. Базалық гардероб көйлек, бешпент (жакет), белдемше (юбка), шалбар, жемпірден құралады. Кейін осы аталған киімдерге үйлесетіндей аксессуар, мойын орағыш, шәрпі (шарф), кофта таңдайсыз. Пенжак (пиджак) көйлекпен де, шалбармен де киюге келетін болсын. Базалық гардеробта көзге оттай басылатын ашық-қанық түстерді таңдаудың қажеті шамалы. Себебі, ашық-қанық түстер адамды тез жалықтырады. Сұр, көк, ақсары (кремовый) түстерді таңдау керек. Мәселен, сұр түсті көйлекке көк, көгілдір, қызғылт (розовый) түстегі әшекей жарасып кетеді. Саны көп сапасы жоқ киімдерден аулақ болыңыз. Сондай-ақ аяқ киімге де баса назар аударған жөн. Лас аяқ киім үстіңіздегі бағалы киімнің құнын жояды. Міне ең басты есте сақтайтын ережелер осы. Бұл ережелер кез келген жастағы нәзік жандыларға қатысты. Мектеп қабырғасында балаларға сауатты жазуды, түсініп оқуды үйретеді. Ал сұлулық сырларына мән бермейміз.
– Денелі, толық адамдар-ға айтарыңыз?
– Толық адамдар арық көрінуі үшін қара түсті киімдерге әуес болады. Бұл дұрыс емес. Қара түсті киімге ашық түсті әшекей қосыңыз. Сол сәтте сырт көздің назары сіздің әдемі әшекейіңізге ауады. Сондай-ақ майда гүлді матадан тігілген киімдерді таңдау керек. Майда суреттер дене пішіндегі кемшіліктерді білдірмейді. Мұндай азаматшалар кішкентай сөмкелерден аулақ болып, үлкен, ашық түсті сөмкелерді ұстағаны дұрыс.
Айнаға қараудан қорықпаңыз. Керісінше, айнаға жиі қарап, өзіңіздің артықшылығыңыз бен кемшілігіңізді көре біліңіз. Дене бітімдегі кемшіліктерден құтылу үшін спорт залға барып, диета ұстау қажет емес. Киіміңізді дұрыс таңдап кисеңіз жетіп жатыр.
– Оқырманға бірер сөз
– Бір өкініштісі, нәзік жандылар дұрыс киіну туралы оқыған ақпараттарын іс жүзінде жүзеге асыра алмайды. Сондықтан оқырмандарға жарасымды киінуді үйрені-ңіздер дегім келеді. Ақшаны үнемдей отырып сәнді киінуге болады. Ең бастысы үсті-ңіздегі киім табиғатыңызға сай болсын. Әдемі киім кисеңіз көңіл-күйіңіз де көте-ріңкі болады емес пе?!
СУРЕТТЕ: М.Төлемісова.
тл№
льбдбддддьджжьN