Күлжан апаның женті
Қай кезде де халықтың тәбеті дүкен сөрелеріндегі қоспасы көп, жартылай дайын өнімдерден гөрі табиғи асқа жақын. Біз бүгін арнайы бетімізде қазақ дастарқанынан сирек көріне бастаған, дәмі де, түрі де ұмытыла бастаған ұлттық тағамдар жөнінде айтуды жөн көрдік.

– Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – жент. Ол қыста қатпайды, жазда бұзылмайды, оның дәмі мен нәрі сол күйінде сақталады. Женттің майжент, қазыжент, сүтжент деген түрлері бар. Жентті жасау әдісі өте қарапайым, – дейді кейіпкеріміз.
Қоспа құрамы:
5 кесе сөк жармасы немесе талқан;
2 кесе қант;
Дайындау тәсілі:
1.Жент жасалатын негізгі өнім – сөк. Сөк диірменге немесе аз-аздан кофе ұнтақтағышқа тартылады. Келіге салып түйіп, жармалауға да болады.
2. Үстіне ерітілгшен сары май құйылып, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынады да, жақсылап араластырылады.
3. Ыдысқа салынып, беті тегістеледі де, салқын жерге шығарылады.
4. Дайын жентті табақшаларға салып, шай дастарқанына қоясыз.
Күлжан апа ұсынған жентті сіз де істеңіз. “Дастарқаннын” үйренеріңіз көп болсын. Әрі көп біле бермейтін құпия рецептіңіз болса міндетті түрде “Үш қызға” хат жолдаңыз.
Ракмет! Кандай иримшик: ак па, сары ма? Фаина,