Жас көрінгіңіз келе ме?
Ғалымдардың айтуынша, қартаю туа салысымен басталады екен. Мәселен, адамның көз жанары ешуақытта туған кездегіден өткір болмайды. Содан бастап көз алмасының шымырлығы біртіндеп кеміп отырады. Жас келген сайын адам организмінде көп клеткалар мүлде жойылып отырады. Зат алмасу да солай өзгереді. Соған қарамастан табиғи түрді сақтап, әдемі болып жүрудің жолы бар. Жас көріну үшін 8 сағат ұйқы, көңіл-күй, отбасы, ошақ қасының тыныштығы, қызметтің көңілден шығуы, көңілділік, тамақтану әсер етеді. Жастық шақты ұзарту медицина мен ғылымнан бас-қа, адамның өзіне де байланысты. Сұлу болу үшін мына тағамдар көмекші болады: сәбіз (құрамында жасушаларды қалыпқа келтіретін бета-каротин бар), қызанақ (күн сәулесінен сақтайтын мықты антиоксидантқа бай), банан (ұйқысыздықтан арылуға көмектеседі), сұлы (әжімнің алдын алады), жасымық (бетті тазартқыш қасиетке ие), қалақай (беттің өңін жақсартады), жалбыз (ас қорыту жұмысын жақсартады), қызылша (калий, магний, темір, кальций сияқты пайдалы элементтерге бай көкөніс), қызыл жүзім (қартаюды бәсеңдетеді).
Әжімнен арылу үшін
Жасы ұлғайған сайын әрбір адам әжім, тез шаршау, ұйқышылдықпен бетпе-бет кездеседі. Бетіңізге әжім түссе оны қалай кетіруге болады? Ол үшін үй жағдайында әжімнен арылуға көмектесетін майды жасап көріңіз.
1.Екі бас сарымсақты тазартып, езіңіз. Оған өсімдік не зәйтүн майын құйыңыз (сарымсақтан 1 см көбірек болуы керек), қақпақпен жабыңыз.
2. Бір апта бойы бөлме температурасында сақтап, 3 күн бойы тоңазытқышта ұстаңыз.
3.Майыңыз тұнғаннан кейін дәке арқылы сүзіп, әдеттегі түнгі иісмайыңызға 2-3 тамшыдан қосып, пайдаланыңыз.
Нәтижесін көп ұзамай байқайсыз.