Көзге арналған жаттығулар
– Орындыққа шалқайып отырып, терең дем аламыз. Алға еңкейіп, іштегі демді баяу шығарамыз. Мұны 5-6 рет қайталау керек.
– Орындыққа шалқайып, көзді ашып-жұму керек. Бұл да 5-6 рет қайталанады.
– Қолды мықынға қойып, басты оңға бұрып, оң қолдың шынтағына, басты сол жаққа бұрып, сол қолдың шынтағына қараймыз (5-6 рет).
– Алдымен жоғарыға қараймыз. Сосын көзді сағат тілімен айналдырамыз. Енді сағат тіліне қарсы жүреміз (5-6 рет).
– Қолды созып, саусақ ұшына қараймыз. Қолды жоғарыға көтеріп, қимылды көзбен бақылаймыз. Басты қозғамай, қолды түсіреміз. Бұл жаттығуды 4-5 рет жасау жеткілікті.
– Алдымызда алыс тұрған затқа 2-3 секундтай қараймыз. Сосын мұрынның ұшына 3-5 секунд қараймыз. Бұл жаттығуды 6-8 рет қайталау қажет.
– Көзді жұмып, сұқ саусақтың ұшымен 30 секунд уқалаймыз.