“Тобыл” Тимурмен толықты

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Тимур Досмағамбетов «Тобыл» сапын толықтырды. Ол футбол маусымның аяғында елордалық «Астана» командасынан шақырту алған болатын, алайда трансфер жүзеге аспады.5682937f0f856
(Сурет "Тобыл" футбол клубының ресми сайтынан алынды)
Өткен жылы футболшы ұлттық құрама жидесінде алғаш рет алаңға шыққан еді. Мансабын «Оқжетпес» футбол клубынан бастаған Тимур «Ақтөбе», «Восток» және «Тараз» сынды командаларда өнер көрсетіп үлгерген.
Сондай-ақ, қостанайлық командаға қорғаушы Фернандер Кассай (ЦАР), шабуылшы Алассане Н’Диайе (Франция) келіп қосылғанын да айта кетейік.
 
Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓